Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Зерттеу сабақтары жалғасуда📝
Зерттеу сабағының II циклінің бірінші сабағын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі педагог-зерттеуші Г.Талапбекова белсенді әдістер арқылы тыңдалым дағдыларын қалай арттыруға болады? зерттеу сұрағы бойынша 9 «Ә» сыныбына өткізді. Сабақта топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүргізіліп, саралау тапсырмалары берілді. “Тыңдалым айдары” әдісі бойынша мәтін бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беріп, түпнұсқамен салыстырды. “Талқыла, анықта”, “Аяқталмаған сөйлем”, “Болжам” әдістері қолданылды. “Жетістік баспалдағы” әдісі арқылы кері байланыс алынды.
📝Математика пәнінің мұғалімі педагог-модератор А. Сағындықова 8 “А” сыныбына саралау тапсырмаларын беру арқылы оқушылардың есеп шығару дағдысын қалай жақсартуға болады? зерттеу сұрағы бойынша ІІ -ші циклдің 2-ші сабағын өткізді.
Сабақтың тақырыбы: Бөлшек-рационал теңдеулер.
Сабақ барысында үй тапсырмалары сағат тілі бойынша тексеріліп, миға шабуыл сұрақтары қойылды.
Жаңа тақырып бойынша видеоматериал көрсетіліп, ауызша тапсырмалар орындалды. Топтық жұмыстар беріліп, “ойлан, жұптас, бөліс” әдісі арқылы жұптық тапсырмалар орындады. Сабақ соңында тест тапсырмалары беріліп, кері байланыс “купон” әдісі арқылы