Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі педагог-сарапшы Н.Тасжанова 4 “А” сыныбына “как развивать функциональную грамотность учащихся?” зерттеу сұрағы бойынша І циклдің 3-ші сабағын өткізді.
Сабақтың тақырыбы: Алдаркосе-народный герой.
Сабақтың мақсаты: Сын есімдерді зат есімдермен байланыстыра білу. Тыңдалым бойынша берілген мәтінді түсініп, атын табу.
Сабақ барысында жұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын шығарып, графикалық сызбалар арқылы толтыру.
“Иерархия слов”
«Ашық микрофон”
“лучший переводчик” әдістерімен жұмыстар жүргізілді, оқушылар алдын- ала берілген тапсырма бойынша “ Біз кішкентай жұлдызбыз” деген әдіспен “ Алдар көсе және мақтаншақ бай” ертегісінен қойылым көрсетті. Сабақ соңында жинаған асықтары бойынша қорытындыланды.
Математика пәнінің мұғалімі А.Сағындықова 8 “А” сыныбына алгебра пәнінен саралау тапсырмаларын беру арқылы оқушылардың есеп шығару дағдысын қалай жақсартуға болады? зерттеу сұрағы бойынша І циклдің 3- ші зерттеу сабағын өткізді.
Тақырыбы: Виет теоремасы.
Сабақтың басы үй тапсырмасын тексерумен басталып, “өткенге шолу” әдісі арқылы сұрақтар қойылды. Топқа бөлінген оқушыларға топтық тапсырмалар берілді.
Оқушыларға карточкадағы есептер таратылып, сараланған тапсырмалар орындады. “Қатесін тап” әдісі арқылы оқушылар ізденіп, берілген есептердің дұрыс шешімдерін шығарды. Жұптық тапсырмалар арқылы оқулықпен жұмыс жасады. Learning Apps платформасы арқылы сабақты бекітуге арналған тапсырмалар берілді. Сабақ соңында кері байланыс алынды. Толығырақ