Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ
“Тілім менің ғасырларға аманат” апталығының кезекті шарасы. Түркі ғалымы Махмұд Қашқаридің туғанына 995 жыл толуына орай “ М. Қашқари еңбектері” тақырыбында танымдық сабағы өткізілді. Мақсаты: Қарахан әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ірі филолог ғалым М.Қашқари еңбектерінің негізгі идеясын, мазмұнын түсіндіру. Шара барысында М.Қашқари өмірі мен шығармашылығы, еңбектері, ғылыми зерттеулері таныстырылым арқылы көрсетілді. Оқушылар алған ақпарат бойынша сұрақтарға жауап беріп, берілген сөздердің фонетикалық, морфологиялық, лексикалық ерекшеліктеріне талдау жасады. Толығырақ