Нұржау жалпы орта мектебі бойынша кезекті зерттеу сабағын ағылшынтілі пәнінің мұғалімі педагог сарапшы А.Темирболатова ағылшын тілі сабағында оқушылардың оқубелсенділіктерін саралау тапсырмалары арқылы қалай арттыруға болады? Зерттеу сұрағы бойынша 5 «А» сыныбына «Types of writing” тақырыбы бойынша өткізді. Мақсаты: кітап түрлерімен танысу, сұрақ жасап үйрену.
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: CUVE, FREE TALKING, MAKE THE WORD, MAGIC GUESTIONS.
Математика пәнінің мұғалімі Н.Қанатова (зерттеу сұрағы: математика пәнінен саралау тапсырмаларын беру арқылы оқушылардың есеп шығару дағдысын қалай тапсыруға болады?) 5 «А» сыныбына зерттеу сабағын өткізді. Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекті жәй бөлшекке, жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру. Сабақтың мақсаты: Бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстыру. Сабақ барысында:
- «Сан таңдау» Wordwall
- «Оқулықпен жұмыс»
- «Кім жылдам?»
- «Сәйкестендіру» әдістері қолданылып, сабақ соңында «Білім шамы» әдісі арқылы кері байланыс алынды.