1912 жылы Шешеген аралында ( қазіргі Нұржау ) «Теңдік» атты бастауыш мектеп салынып іске қосылған.
1912 жылы осы аталмыш мектепке басшылық еткен Сатеков Шаймардан халықтан ақша жинап, тастан тақтайлатып салдырған екен.
1919-1920 жылдары бұл мектеп «Кеңес» мектебі деп аталған.
1924-1925 жылдары халық санының артуына байланысты Кеңестен «Теңдік» болып өзгертілген .
1933-34 жылдары Теңдік бастауыш мектебі болды.
1941-1942 оқу жылы «Теңдік орта мектебі» болып өзгертілді.
1953 жылы мектеп К.Ворошилов атындағы орта мектеп
деп аталды.
1957 жылы мектеп «Ленин атындағы мектеп» болып өзгертілген. 1959-60 жылдары және 1983-84 жылдары мектеп «Октябрь» совхозы күшімен салынып типтік жобадағы жаңа мектепке көшірілген.
2000 жылы Нұржау қазақ орта мектебі,
2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін Нұржау жалпы орта мектебі болып аталады.