«Нысаналы мектеп» жобасы – нақты қадамдарға негізделген бастама. Бұл жобаның негізгі мақсаты – сыртқы бақылаудың нәтижесінде жергілікті жерлерде білім беру процесін жақсарту үшін мақсатты мектептермен өзара әрекеттесу бойынша жұмыс құралдары мен тетіктерін ұсыну .
Нысаналы мектептер PIZA , ҰБТ халықаралық зерттеу нәтижелері, білім алушылардың білім жетістіктерінің моноторингі және басқа да көрсеткіштер бойынша іріктелді. Бұл мектептердің қатарында Нұржау жалпы орта мектебі де бар. «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы шеңберінде «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасын іске асыру аясында мектеп мұғалімдері LMS платформасында 5 модульден тұратын базалық деңгейдегі онлайн курстан өтіп, курстан алған білімді саралау мақсатында тест тапсырды. Мұғалімдер тестке жауапты қатысып, академиялық адалдықты сақтай отыра, жақсы нәтиже көрсетті.
Барлық әріптестерімізге жоба барысындағы сындардан сүрінбей өтуге тілектеспіз! Бірлік бар жерде жеңіс те болмақ. Олай болса, ұлт баласының сапалы білімі үшін жасалып жатырған игі бастамаларды қолдап, бірге жүзеге асыруға үндейміз!