«Ана тілі – жүрек үні» Осындай атаумен қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының ашылу салтанаты өтті.
Қазақ тілі өміріңде, өлеңде,
Қазақ тілі тамыр жайған тереңге.
Ұрпақтарды танытады әлемге! – дегендей, жоспарға сай, ана тілімізді ұлықтау, жас ұрпақтың бойына тілге дешген құрмет сезімін ұялату мақсатында өткелі отырған апталықтың ашылу салтанаты оқушылардың жыр шашуларымен басталды. Оқушылардың тіл және әдебиет пәндерінен білімдерін тексеру мақсатында ұйымдастырылған «Бір бауырсақ-бір сұрақ» викториналық ойынында оқушылар сұрақтарға лезде жауап беріп, ұшқыр ой, терең білімдерін көрсетті.
Апталықтың ашылу барысында қазақилықты дәріптеген ұстаздарымыз кәжекей мен ыссы бауырсақ, құрттарын ұсынды. Алдағы уақытта апталық барысында қызыөты сабақтар мен шаралар өткізілетін болады.