Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Нұржау жалпы орта мектебінің білім сапасын арттыру шараларын күшейту, мұғалімдерге әдістемелік көмек, қолдау көрсету мақсатында химия, математика пәндері бойынша ауданның ‘үздік’ пән мұғалімдерімен мектептің пән мұғалімдерінің тәжірибе алмасулары өткізілді. Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, педагог-шебер, химия пәнінің мұғалімі Шамарданова Ақмарал Еркиновна мен математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Абишева Лора Абулхайровна пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, пікірлесіп, ұсыныстарымен бөлісті. Өз пәнінің кәсіби мамандарымен алдағы уақытта да шеберлік сыныптары мен тәжірибе алмасу практикумдары жоспарланған. Мектептің жас мамандары мен ауданның тәжірибелі мұғалімдері арасындағы бірлескен жұмыстың нәтижесі болатыны сөзсіз! Толығырақ