Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ
ҚР ІІМ-нің 07.10.2024 жылғы
№ 1-5-5-3-53/5286-И санды нұсқауы бойынша, жедел мәліметтерге жүргізілген талдау ел аумағында механикалық шашыратқыштарды, аэрозоль құрылғыларын, оның ішінде оқу орындарында кәмелетке толмағандардың заңсыз қолдану фактілерінің жиілеуіне орай және жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында 2024 жылдың қазан айының
17-сі күні Құрманғазы АПБ-нің ЖПҚБ-нің ЮПТ-ның аға УПИ полиция майоры А.Жексенбаева, Құрманғазы АПБ-і ЭҚІҚТ аға жедел уәкілі полиция капитаны Ж.Сдыхов, Құрманғазы ауданының теолог маманы Н.Хаванның қатысуымен Нұржау жалпы орта мектебінің 7-11 сынып ұл балаларымен жиналыс өткізіліп, бейнероликтер көрсетілді. Жиналыста кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу сондай-ақ, жасөспірімдердің құқықтық және діни сауаттылығын арттыру, түнгі сағат 23:00 ден таңғы сағат 06:00 ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үй-жайдан тыс жерлерде болмауы, түнгі сағат 22:00 ден таңғы сағат 06:00 ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болмауы, алкоголь өнімдерін ішпеу, темекі бұйымдарын оның ішінде кыздырылатын темекісі бар бұйымдарды қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған
сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салу, шанышпалы-кесетін заттарды өздерімен алып жүрмеу, мүлдем автокөлік, мотокөлік, мопед тізгіндеуге болмайтындығы, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау, зорлық-зомбылық пен бопсалаушылықтың және есірткінің зияны, салдары, адам өміріне қауіптілігінің алдын-алу мақсатында кең көлемде түсінік жұмыстары жүргізіліп, буллинг және кибербуллинг ұғымдарына түсінік берілді.