Нұржау жалпы орта мектебінің әдістемелік жоспарына сай «математика, информатика, физика» пәндер бірлестігінің іс-шара жоспарына сәйкес ашық сабақтар өткізілді.
Информатика пәнінің мұғалімі педагог-зерттеуші М.Құбашева 7 «ә» сыныбына «Күрделі шарттарды программалау тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ мақсаты: Python-да күрделі шарттарды қолдану.
Сабақ барысында The Hat бағдарламасы бойынша топқа бөлініп, Wordwall платформасы бойынша миға шабуыл жасалды. Топтық жұмыс бойынша «Тағы да дайындал» хабарламасын шығаратын программа дайындады. Plickers программасы бойынша бекіту сұрақтары беріліп, learning Apps платформасынан қызметші сөздерді тапты. Сабақ соңында смайлик арқылы кері байланыс алынды.
Математика пәнінің мұғалімі Құлжанова 9»Ә» сыныбына ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: Келтіру формулаларына есептер шығару. Мақсаты: келтіру формулаларын қорытып шығару және қолдану. Сабақ барысында өткенді қайталау бойынша оқушыларға сұрақтар қойылды. Оқулықпен жұмыс жасалып, топтық, жұптық тапсырмалар орындалды. Ерекше білімді қажет ететің оқушымен жұмыс жасалып, функционалдық есептер берілді. Сабақ соңында тест жұмысы жүргізіліп, алған білімдерін қорытындылады.
Математика пәнінің мұғалімі Н.Қанатовва «Ондық бөлшектерді дөңгелектеу» тақырыбы бойынша 5 «ә» сыныбына ашық сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты: Санның жуық мәні ұғымын меңгеру.
Сабақ барысында «МИға шабуыл» әдісі арқылы өткенге шолу жасалды. Жаңа тақырыпты түсіну мақсатында оқушылар топтық тапсырмалар орындады. Оқулықпен жұмыс жасалып, сараланған тапсырмалар орындады.
«Дорбаға асықтар жинау» арқылы бекіту тапсырмалары берілді. «Жанармай бекеті» әдісі арқылы кері байланыс алында.