Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Нұржау жалпы орта мектебіндегі шет тілдер бірлестігі апталығының аясында 8 сыныптар арасында «Знатоки русского языка» тақырыбындағы интеллектуалды ойын өткізілді.
Сайыстың мақсаты:
— Оқушылардың орыс тіліне деген қызығушылығын арттыру.
— Тілдік білімдерін тереңдету және сөздік қорын байыту.
— Фонетика, фразеология және лексика бойынша білімдерін тексеру.
Сайыс «Звуки и буквы» ,“Весёлая грамматика “,Лексика” «Фразеологизм бөлімдерінен болды. Оқушылар әр бөлімде қызықты тапсырмаларды орындап, логикалық ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын және тіл білімі жөніндегі білімдерін көрсетті.
Ойын барысында оқушылар ойынның барлық бөліміне белсенді қатысты. Нәтижесінде 8 “ә” сыныбы алға шығып, І-ші орын иеленді.
Ұйымдастырушы: Орыс тілі пәнінің мұғалімі Агесенова Гүлзира