Нұржау жалпы орта мектебінде Республика бойынша ‘943 — елдің нысаналы мектептерін дамыту’ жобасы басталғандығы және сол жобаға мектебіміздің енуі, жалпы жобаның мақсат, міндеттері туралы таныстыру семинары өткізілді.
Жобаны мектеп бойынша іске асыру бағытында жоспар жасақталып, жұмыстар басталып та кетті.


— Педагогтерді курстарға қатыстыру (онлайн, оффлайн);
— Күнделікті сабақтың өтілу сапасын арттыру (сабақтарға қатысу);
— ҰБТ, МОДО көрсеткіштерінің сапасын көтеру мақсатында жан-жақты жұмыстарды нәтижеге жеткізу;
— ‘Lesson Study’ зерттеу сабақтарын өткізу (3 цикл);
— Мектептегі психологиялық қызметтің сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізу;
