Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ
Нұржау жалпы орта мектебінде бала психологиясын дамытып, жағымды ахуал тудыруға бағытталған шаралар жалғасын табуда. Үзілісті тиімді пайдалану, оқушылардың қозғалыс қимылдарын дамыту мақсатында “Кел билейік,балақай” айдары өткізілді. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне байланысты қойылған әуенге көңілді би билеп, оқушылар сергіп қалды.