Гилманова Шынар Гилманқызы
1994 жылы 14 қаңтарда Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Нұржау ауылында дүниеге келген. 2011 -2012 ж Нұржау жалпы орта мектебін «Үздік аттестат» иегері. 2012 -2016 ж.ж Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің физика пәні мұғалімі және
2017-2019 ж.ж математика пәні мұғалім мамандығын бітірді. Шортанбай жалпы орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі.
Эльдарова Заира Эльдарқызы
1996 ж 1 сәуірде Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Нұржау ауылында дүниеге келді. 2012-2013ж Нұржау қазақ орта мектебін «Алтын белгі» иегері. 2013 жылы Астана қаласындағы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығына оқуға түсіп, 2017 жылы қызыл дипломмен аяқтады. 2021 жылдың қазан айынан бастап, Атырау қаласы «Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінде» арнайы пән оқытушысы қызметін атқаруда.
Коптлеу Арайлым Жасқайратқызы
1999 жылы 18 маусымда Құрманғазы ауданы, Ганюшкино селосында дүниеге келген. 2015 — 2016 жылы «Үздік аттестатпен» мектепті аяқтаған.
2016-2021 жылдар аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде биология пәні мұғалімі мамандығы бойынша білім алған.
2021-2022 жылдар аралығында Құрманғазы ауданы, Абай атындағы жалпы орта мектебінде еңбек жолын мектеп тәлімгері болып бастаған.
Қазіргі таңда, Атырау қаласы, Балауса ықшам ауданы, 43 орта мектепте биология пәні мұғалімі болып жұмыс жасауда
Исатай Нұрбол Жарқынбекұлы
2003 жылғы 16 сәуірде Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Нұржау ауылында дүниеге келген.
«Нұржау» жалпы орта мектебін «Алтын медальмен» бітірді.
2020 жылы Алматы қаласы Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ-ға Автоматика және ақпараттық технологиялар институты, Компьютерлік ғылымдар мамандығын оқуда.
Дүйсемалиева Ақерке Еркінқызы,
2005 жылғы 25ақпанда Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
Нұржау ауылында дүниеге келді.
Нұржау жалпы орта мектебін «Үздік аттестатпен» бітірді.
2022 жылы Атырау қаласы «Атырау жоғарғы медициналық колледжі»,
Емдеу ісі Фельдшер мамандығына, бюджеттік негізде оқуда.