Атырау облыстық Білім беру басқармасының әдістемелік орталығы Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлескен Атырау облысында білім беруді дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде ұйымдастырылған мектеп командалары жұмысының тиімді ұйымдастырылуын талдау, бағалау және қолдау мақсаында «Мектеп командасы: жоба, нәтиже, болашақ» тақырыбында облыстық фестиваль өткізді. Осы фестивальге Нұржау жалпы орта мектебінің «Раннер» командасы, команда құрамы мектеп директорының әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Н. Уахитова, тарих пәні мұғалімі Г.Бакешова және бастауыш сынып мұғалімі Қ.Құспанова қатысып «Идеялардың генераторы» номинациясы дипломымен марапатталды. Мектеп командасының жұмысы жалғасын тауып, білім сапасын көтеру бағытындағы белсенді шараларды бірлесіп жүзеге асырайық әріптестер!!