

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Г. Агесенова белсенді әдістер арқылы оқушылардың айтылым, жазылым дағдыларын қалай дамытуға болады? зерттеу сұрағы бойынша 8 “Ә” сыныбына ІІІ циклдің
2-ші зерттеу сабағын өткізді. Тақырыбы: Ч.Айтматов «Плаха»
Мақсаты: Негізгі және нақты ақпаратты түсіну, жеке деректерді жалпы контекстке біріктіре отырып, себеп-салдарлық байланыстарды анықтап, қорытынды жасау, қоғамдық маңызды мәселелер бойынша диалогқа қатысу, өз көзқарасын дәлелдеу, ақпаратты кесте, сызба, диаграмма, график сияқты элементтерді қамтитын презентация түрінде ұсыну.
Сабақты бастамас бұрын оқушылар Сәлемдесу мақтау әдісі арқылы бір-біріне жылы сөздерін арнады.
Сабақты Ф.И. Тютчевтің
«Табиғат – сіз ойлағандай жай қалып емес, жансыз түр емес, онда жан бар, онда еркіндік бар, онда махаббат бар, онда тіл бар.»эпиграфымен бастады.
II. «Суреттер арқылы оқиға» әдісі арқылы жазушы Ш. Т. Айтматовтың өмірімен және шығармашылығы таныстырылды. Оқушылар презентацияны қарап, сұрақтарға жауап берді.
III. «Суреттер арқылы оқиға» әдісі
Презентация. Жазушының өмірі және шығармашылығымен танысу: «Ш. Т. Айтматовтың өмірі мен шығармашылығы».
Презентацияны қарап, сұрақтарға жауап береді.
Тақырып анықталғаннан кейін, «Плаха» сөзінің мағынасын ашу ұсынылады.
«Мағына ашу» әдісі бойынша «Плаха» сөзінің мағынасын ашты.
«Әдеби жорамал» әдісі арқылы
Ш.Айтматовтың «Плаха» романынан үзіндіні мұқият тыңдап, бөрі туралы бейнеге назар аудара отырып осы үзіндінің негізгі ойы неде екенін топпен талқылады.
«Сипат сөздер арқылы бейне»
Тыңдалған мәтін бойынша қасқырдың бейнесін сипаттайтын сөздерді қасқыр суретінің ішіне жазды.
«Әдеби таразы» әдісі арқылы кейіпкерлердің ұқсастық пен айырмашылықтарын табу арқылы сабақты қорытындылады.

3-ші зерттеу сабағын өткізді. Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция және оның графигі.
Сабақ барысында “миға шабуыл” ретінде сұрақтар қойылып, үй тапсырмасы тексерілді. Берілген функцияның графигі бойынша топтық тапсырмалар орындады. Жеке жұмыс ретінде функция графиктерін салмай, парабола төбесінің координаталарын жазды.
Сабақ соңында бекіту тапсырмасы ретінде тест жұмыстары берілді. Толығырақ