Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
🔰Lesson study
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Агесенова 8 “Ә” сыныбына “Орыс тілі сабағында белсенді әдістер арқылы оқушылардың айтылым, жазылым дағдыларын қалай дамытуға болады? зерттеу сұрағы бойынша зерттеу сабағын өткізді.
Тақырыбы:”Как хлеб на стол пришел”
Мақсаты: Мәтіннен негізгі, қосымша және толық ақпаратты анықтау, оқыған немесе тыңдаған мәтіннің мазмұнын баяндау.
Сабақ барысында
📍 “Көңілді көңіл күй” әдісі арқылы психологиялық ахуал тудыру арқылы сабақты бастады.
📍“ Сиқырлы ұяшық” әдісі арқылы оқушылар өткен сабақты пысықтады.
📍 “Белсенді оқылым” әдісі арқылы оқушылар мәтінді оқып және сол мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты таба білді.
📍 “Эмоциялар графигі” және “Белгілеу арқылы оқу” әдісі арқылы екі топ тапсырма орындады.
📍 Жұптық жұмыс тапсырмасы арқылы “Синквейн” әдісі бойынша оқушылар нан және еңбек сөзіне бес жолды өлең құрастырды.
📍 “Нан-өмірдің басты байлығы” ойын арқылы интербелсенді тақтаға мақалдарды құрастырды.
📍 “Ұстазға хат” әдісі арқылы сабақты қорытындылады. Толығырақ