Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының кезекті ашық сабағын А.Исатайқызы 7 «Ә» сыныбына әдебиет пәнінен «Көксерек әңгімесінің тақырыбы мен идеясы» тақырыбында өткізді.Оқу мақсаты: әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау және әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманитарлық тұрғыдан талдау. Сабақ басталмас бұрын мұғалім оқушылардың көңіл — күйін смайлик арқылы біліп, одан әрі «Құм сағат» әдісіменүй тапсырмасын сұрады. Оқушылар шапшаңдықпен қойылған сауалдарға жауап бере білді. Одан әрі жаңа сабақты түсіну мақсатында «Стоп кадр», «Пост»әдістері арқылы топтық тапсырма, «Қабырғадағы рөл», «Төрт сөйлем» әдісі арқылы жұптық жұмыстар және оқулықпен жұмыс жүргізіліп, оқушылардың сабаққа деген көзқарас пікірлері алынды, сонымен бірге өзін-өзі бағалай білді.