Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Агесенова Г. белсенді әдістер арқылы оқушылардың айтылым, жазылым дағдыларын қалай дамытуға болады?” зерттеу сұрағы бойынша 8 “Ә” сыныбына зерттеу сабағын өткізді.
Тақырыбы: О.Сулейменов “Волчата”
Мақсаты: тізбектілігін сақтай отырып, мәтін мазмұнын қайталау;
— дәлел келтіре отырып, әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша диалогқа қатысу;
— ауызша сөйлеу нормаларын сақтау;
— берілген тақырып бойынша 5 минуттық эссе жазу;
🖇️Сабақ барысында “Жүректен жүрекке” әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жылы сөздерін арнады.
🖇️ Мәтін алды жұмыс: «Тұлғаны тап» әдісі арқылы оқушылар жасырылған сөздер және суреттер арқылы жаңа тақырыпты ашты.
🖇️ «Спикерлер турнирі» әдісі арқылы ақынның шығармашылығы туралы қысқаша баяндамалар жасады.
🖇️ О.Сүлейменовтың «Қасқырлар» поэмасының бейнежазбасын тыңдап және көріп өлеңді қандай бөліктерге бөлуге болады,негізгі бөлім, негізгі әрекеттің дамуы, шарықтау шегі) табу тапсырмаларын орындады.
🖇️ «Сәйкестікті тап» әдісі арқылы
— эпитеттер;
— салыстыру;
— метафоралар кестесін толтырды.
🖇️ «Бір минуттық эссе» әдісі оқушылар алған әсерлерін жазды;
— дәлелдер келтірді;
— өз пікірін білдірді;
🖇️ — «Қасқырлар» поэмасы сізге қандай әсер қалдырды?
— Ол қандай көңіл-күйді тудырады?
– Автор қандай мәселе көтереді? сұрақтар арқылы кері байланыс алынды.
📌📌Физика пәнінің мұғалімі жас маман Ержан Жайнар оқушылардың оқу белсенділіктерін саралау тапсырмалары арқылы қалай арттыруға болады? зерттеу сұрағы бойынша 7 “Ә” сыныбына ІІІ циклдің 2-ші зерттеу сабағын өткізді.
Сабақтың тақырыбы: Қатты денелердегі қысым
Сабақтың мақсаты:
7.3.1.3- есептер шығаруда қатты дененің қысымының формуласын қолдану
Сабақтың барысы:
Миға шабуыл әдісі арқылы ой қозғау (үй тапсырмасы)
«Формула кестесі” әдісі арқылы кестені толтырды;
Жаңа тақырып: “Маңыздылық” кестесі берілген тақырыптың маңыздылығына қарай шеңбер салып қорғады;
“А В С” деңгейлік есептер шығарды;
“Вен диаграммасы” арқылы қатты, сұйық және газдарды салыстырды;
“Жетістік баспалдағы” арқылы кері байланыс берілді.