Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Атырау облысы Құрманғазы ауданы «Нұржау жалпы орта мектебі» КММ «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» негізінде «Қамқоршылық» кеңестің жаңа құрамы сайланатындығы және құрамы бойынша өтініштерді қабылданатындығы туралы хабарлайды.

 

Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:

 

  1. Жергілікі өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
  2. Жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері
  3. Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса)
  4. Ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі
  5. Қайырымдылық жасаушылар (бар болса)

 

Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімі және өтініштерін мектеп әкімшілігіне тапсыруға болады.

«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» қосымша тіркелген.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы «27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары»

 

 

Нұржау жалпы орта мектебі әкімшілігі

27 қаңтар 2025 жыл