Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Мектепішілік педагогикалық оқулар байқауы мектепішілік «Цифрлық қоғамдағы білім берудің жаңа талаптары мен мүмкіндіктері: заманауи трендтер мен инновациялық тәжірибелер» тақырыбында ұстаздар арасында педагогикалық оқулар болып өтті. Байқауға бірлестік ішінде өткен байқау қорытындысының жеңімпаздары әр пән бойынша оза шыққан ұстаздар қатысты.

Мақсаты:

  • Педагогтердің кәсіби шеберлітерін арттыру, үздік инновациялық тәжірибелерді жинақтап, тарату;
  • Білім сапасын арттыруда оқыту технологияларын және оқыту платформаларын тиімді қолдану;
  • Педагогтердің ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеру;
  • Педагогтердің өзіндік тәжірибесін жинақтау арқылы рефлексиялық қабілеттерін дамыту;
  • Заманауи трендтер мен инновациялық тәжірибелерді анықтау;

Мектепішілік педагогикалық оқуға қатысқан педагогтер өз жұмыстарын кәсіби тұрғыда дәлелдеп, оқу мен оқытудағы түрлі белсенді әдіс-тәсілдерді ортаға салып, шеберлікпен ұсына білді. Үздік жұмыстар анықталып, аудандық кезеңге 15 педагог жолдама алды. Жүлделі орындардан көрінулеріңізге тілектеспіз әріптестер!