Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

Бұл күн — мұғалімдер мен оқушылар үшін жаңа серпіліс пен жаңа тыныстың бастауы. Қоңыр күздің салқын самалы кекілін желпіп, сөмкелерін арқаланып, «енді оқушы болдың» деген сөзді құлаққа  құйып алып, «өзім жүремге» салынып, өмірдің жаңа белесіне қадам басып, оқушы статусын алғаш иеленген жас бүлдіршіндер үшін ерекше күн. Күні кеше тұсауын кесіп, алғашқы адымын басқан сәби бұл […]

Толығырақ

Нұржау жалпы орта мектебі Мектеп бітіруші түлектеріміз еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері атанды. Камок Аяулым Еркінқызы Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті «Физика мұғалімдерін даярлау» мамандығы. Райымбекқызы Данагүл Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті  «Математика және статистика» мамандығы. Аманжан Анаргүл Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «Әлеуметтік жұмыс» мамандықтары бойынша  3 түлегіміз грант иегері атанды! Еменова […]

Толығырақ

Мектебіміздің 9 сынып бітіруші 26 оқушысына негізгі орта білім аттестаты табысталды. 9 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген Жас түлектер негізгі мектепті бітірмек. Алғашқы құттықтау сөз кезегі Нұржау ауылдық округ әкімі Мұрабек Рифхатұлына берілді. Мектеп директоры Г.Жахимқызы түлектерге жылы  лебізін жолдай отырып, негізігі орта білім туралы […]

Толығырақ

Баршамызды бал тілімен баурайтын Бала деген бар бақыт ғой самғайтын Ата-ананың арманы мен тілегін Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын! Мектебіміздегі балалардың денсаулығын нығайту, жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Жасұлан» демалыс лагері өз есігін айқара ашты. Маусым айының 5-ші жұлдызында мектеп жанынан құрылған «Жасұлан» күндізгі жазғы тынығу лагерінің ашылу салтанаты өтті. Жоспар бойынша биылғы жылы […]

Толығырақ

Нұржау жалпы орта мектебі бойынша «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мен «9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні» мерекелерін атап өтуге арналған іс-шаралар жоспарына сай 1-11 сыныптар үшін «Бірлік  сабақтары»  өтті. Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отан үшін жан қиған ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, құрметтеуге тәрбиелеу.

Толығырақ

Нұржау жалпы орта мектебі бойынша 1  мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан» тақырыбындағы іс-шара жоспарына сай, 1-11 сыныптар аралығында бірыңғай «Бірлік сабақтары» өткізілді. Мақсаты: Ынтымақтастыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі-өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бұл күн әрбір […]

Толығырақ

Атырау облыстық Білім беру басқармасының әдістемелік орталығы Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлескен  Атырау облысында білім беруді дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде ұйымдастырылған мектеп командалары жұмысының тиімді ұйымдастырылуын талдау, бағалау және қолдау мақсаында «Мектеп командасы: жоба, нәтиже, болашақ» тақырыбында облыстық фестиваль өткізді. Осы фестивальге Нұржау жалпы орта мектебінің «Раннер» командасы, команда құрамы мектеп директорының әдістемелік […]

Толығырақ

Мақсаты: Шахмат сабақтары арқылы интеллектуальды және ақыл-ой қабілеттерін дамытуға ықпал ету. Міндеті: ой өрісті кеңейту, ақыл-ой белсенділігін белсендіру, логикалық ойлдауды, есте сақтауды, байқау мен зейінді дамыту. Баланың бойында табандылық, төзімділік, ерік-жігер, тыныштық, өз қабілетіне деген сенімділік пен табандылықты дамыту. Шахмат – зейінді, интеллект пен логикалық ойлауды дамытатын  балалар мен ересектерге арналған танымал спорт түрі. Аталмыш […]

Толығырақ

Нұржау жалпы орта мектебі бойынша 2023 жылдың 10 сәуір күні 11 сынып оқушыларына  «ҰБТ – ға  үрейсіз»  тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындау, өз – өзіне деген сенімділігін арттыру. Өткізген педагог психолог  А.Нигметова.

Толығырақ

Нұржау жалпы орта мектебінде «Қауіпсіз терезелер» республикалық ақпараттық науқанның тұжырымдамасы негізіндегі іс-шара жоспарына сәйкес «Балалардың терезеден құлауының алдын алу» бойынша ата-аналарға арналған жадынаманы ұсынамыз! Терезенің әр жағындағы әлем баланы тартады. Көпшілік терезенің москит торы балаға қауіпсіздік береді деп ойлайды. БҰЛ ОЛАЙ ЕМЕС! Есте сақтаңыздар: мостик торы ең кішкентай баланың да салмағына шыдамайды. Арнайы құралдар қолданыңыздар: […]

Толығырақ