Жаңалықтар

Нұржау жалпы орта мектебінің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 21-29 ақпан аралығында математика, информатика, физика пәндерінің «Ғасырдың ғажап үш тірегі – МИФ» тақырыбындағы апталық өз мәресіне жетті. Апталықта жоспарланған жұмыстар толықтай жүргізіліп, оқушылар белсенді қатысты. Апталық барысында өткізілген ашық сабақтарға пәндік сайыстарға жоғары дәрежеде қатысқан оқушыларымызға дипломдар мен алғыс хаттар табысталды. Оқушылардың логикалық ойлау деңгейін дамыту, […]

Осындай тақырыппен 1 наурыз Алғыс айту күніне орай барлық сыныпта тәрбие сағаттары өтті. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік асыл қасиеттерді ұялатып, жүрегіне мейірім мен махаббат дәнегін себуді мақсат еткен тәрбие сағатында балалар ата-анасына, ұстаздарға, достарына ризашылық сезімдерін білдіріп, жылы тілектерін арнады.

Нұржау жалпы орта мектебінің әдістемелік жоспарына сай «математика, информатика, физика» пәндер бірлестігінің іс-шара жоспарына сәйкес ашық сабақтар өткізілді. Информатика пәнінің мұғалімі педагог-зерттеуші М.Құбашева 7 «ә» сыныбына «Күрделі шарттарды программалау тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты: Python-да күрделі шарттарды қолдану. Сабақ барысында The Hat бағдарламасы бойынша топқа бөлініп, Wordwall платформасы бойынша миға шабуыл жасалды. Топтық жұмыс […]

Нұржау жалпы орта мектебінің іс-шара жоспарына сәйкес ақпан айының 21-29 аралығында «Ғасырдың ғажап үш тірегі – МИФ» тақырыбында математика, информатика, физика пән бірлестігінің апталығы бастау алды. Мақсаты: математика, информатика, физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру. Апталықтың ашылу барысында бірлестік […]

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті білім беру мекемелерімен бірлесіп, 2023 – 2024 оқу жылына бөлінген бюджеті туралы жадынама жасақтады. Осыған орай, Нұржау жалпы орта мектебі 2024 жылы бөлінген және игерілген бюджет қаражаты туралы мәліметті назарларыңызға ұсынады.

Цифрлық қоғамдағы білім берудің жаңа талаптары мен мүмкіндіктері: заманауи трендтер мен инновациялық тәжірибелер тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің аудандық педагогикалық оқулар байқауына мектебімізден қатысып, жеңімпаз атанған мұғалімдерді құттықтаймыз! — Музыка пәнінің мұғалімі Жанаргүл Шайхымеденова – 1 орын, облысқа жолдама; — Бастауыш сынып мұғалімі Бақытгүл Жамангарина – 2 орын, — Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айгүл Темирболатова – […]

Нұржау жалпы орта мектебінің әдістемелік жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі педагог-модератор Г.Мажеденова мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқушылардың айтылым дағдысын қалай дамытуға болады? зерттеу сұрағы бойынша 7 «ә» сыныбына зерттеу сабағын өткізді. Сабақтың тақырыбы: тұрақтылықтың басты кепілі-татулық пен келісім. Оқу мақсаты: 7.1.1.1 мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау; Сабақ барысында […]

Кезекті Lesson Study зерттеу сабағы педагог-модератор жаратылыстану пәнінің мұғалімі Юсупова 6 “б» сыныбына оқушылардың оқу белсенділіктерін саралау тапсырмалары арқылы қалай арттыруға болады? Зерттеу сұрағы бойынша өткізді. Сабақтың тақырыбы: Ағзалардың тітіркендіргішке жауап реакциясы. Мақсаты: тірі ағзалардың тітіркендіргішке жауап беру реакциясын зерттеу. Сабақта қолданылған әдістер: «Жасанды интеллект» — мағынаны білу, дәптермен жұмыс, «Екі суретті талдау», «Суретті сөйлет», […]

7 сынып оқушылары: Орыс тілі пәнінен – Еркінқызы Тоғжан – 2 орын. Пән мұғалімі Қ.Қапарова Қазақстан тарихы пәнінен – Габбасова Мирим – 3 орын. Пән мұғалімі Г.Бакешова Қазақ тілі пәнінен – Салауат Сымбат – 3 орын . Пән мұғалімі Г.Мажеденова 8 сынып оқушылары: Биология пәнінен — Талапбек Жайдарлы – 2 орын.Пән мұғалімі – Н.Уахитова Ағылшын […]

Ауғандық ардагерлер ардақталған күн Нұржау жалпы орта мектебінде 9 ақпан күні кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай тарихи-мерекелік шара өтті. Мектеп директоры Г.Ж.Кенжегалиева қонақтарды құрметпен қарсы алып, шараның өту барысымен таныстырып өтті. Үш кезеңнен тұратын үлкен шараның алғашқы бөлімінде ардагерлеріміз Айжарық Әлмұратұлы Сақташев 3 «а» сыныбымен (жетекшісі С.Ғазизова), Серік Зейнетоллаұлы Мұфтахов 7 […]