Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

2024 жылдың 16-шы сәуір күні Нұржау жалпы орта мектебінде Төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою бойынша іс-қимылға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, сондай-ақ, азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштер мен құралдарын ықтимал жер сілкінісі кезіндегі төтенше жағдайларға ден қоюға даярлау мақсатында сейсмикалық оқу-жаттығуына мектеп бойынша 197 оқушы, 37 мектеп мұғалімдері мен 20 мектеп қызметкерлері қатысты.

Толығырақ

Толығырақ



Толығырақ

«Цифрлық қоғамдағы білім берудің жаңа  талаптары мен мүмкіндіктері , заманауи тренттер мен  инновациялық тәжірибелер»  тақырыбындағы  білім беру қызметкерлерінің облыстық педагогикалық оқуларынан Нұржау жалпы орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Шайхымеденова Жанаргүл «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Шығармашылық ізденістермен ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін деген ниетпен, сізді шын жүректен құттықтаймыз

Толығырақ

Аудандық бастауыш сыныптар арасында өткізілген «Жыл бастауыш сынып оқушысы – 2024»  байқауына 4 сынып оқушысы Нұрым Айбейне қатысып, жүлделі 3 орынды иеленді. Ұстаз бақыты – озып туған шәкірті. Мектеп намысын асқақтатқан оқушымызды жеңісімен құттықтай отырып, әлі де талай биік асуларды бағындыруына тілек білдіреміз. Пән мұғалімі Марта Жұмажанқызы.

Толығырақ

Әже – отбасының  ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын-абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған. Осындай қазыналы аналардың  бүгінгі сарқыты болған әжелер сайысы жоғары деңгейде өтті. «Таныстыру», «Сұрақ–жауап», «Қолөнер», […]

Толығырақ

Баршамыздың асыға күтетін Ұлыстың ұлы мейрамын Нұржау жалпы орта мектебі ерекше атап өтті. Алғашқы бөлімде қазақтың ұлттық ойындарынан сайыс өткізіліп, екінші бөлім мерекелік шарамен келіндер сайысына жалғасты.  Мектеп басшысы Гүлбаршын Жахимқызы ұжымдастарды құттықтап, ұстаздарымыз керемет өнерлерімен таңдай қақтырды. Бұл кеште әжелер шашу шашып, ақ көжеміз таратылып, иісі бұрқыраған бауырсақтан да дәм таттық. Өз кезегінде келіндеріміз […]

Толығырақ

Бұл күн ұлттық киімге арналады. Сан ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі қарапайымдылығымен және ұтымдылығымен ерекшеленеді. Қазіргі модернизация дәуірінде ұлттық киім өз мәнін жоймай, бұрынғы дәстүрлер мен заманауи үрдістерді үйлестіре отырып, жаңа интерпретацияға ие болды. Ұлттық стиль ұлттық мінез  бен ұлт бірлігін айшықтай отырып, ел мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігіне айналды. Ұлттық киім күні – киім […]

Толығырақ

8 – наурыз Халықаралық  әйелдер  күні мерекесіне орай Нұржау жалпы орта мектебінің директоры, ұжымның ұйытқысы  Гүлбаршын Жақимқызы «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен  марапатталды. Білікті басшы, ұйымдастырушылық қабілетімен дараланған көшбасшымызды лайықты марапатымен құттықтаймыз! Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз арта берсін!

Толығырақ

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Нұржау жалпы орта мектебінің ер азаматтарының ұйымдастыруымен   «Сұлу қыз, ару әйел, асыл ана»  тақырыбымен мерекелік шара өтті. Нұрдаулет Мұқарұлы мен Азамат Мерекеұлы  тізгіндеген шараның шымылдығы «Ақберен» әдеби клубының жігіттері дайындаған әдеби-композициялық туындымен басталды. Мектеп басшысы Гүлбаршын Жақимқызы ұжымдағы әйелдер қауымын мейраммен құттықтап, бір топ қызметкерлерді марапаттады. Ұжымның ер-азаматтары […]

Толығырақ