Жаңалықтар

Бітіруші түлектер үшін салтанатты іс-шара 25 мамыр күні «Мектебім, саған мыңалғыс!» Сондай-ақ биылғы оқу жылында бірінші рет «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 5-8, 10 сынып оқушылары емтихан тапсырады. Емтихандар 27 мамырда басталады. Қорытынды біту емтихандары 9 – сыныптар үшін 29 мамыр – 10 маусым аралығында, 11 сынып бітірушілері үшін мемлекеттік бітіру емтихандары 28- мамыр – […]

«Спорт – өмір серігі» тақырыбындағы апталыққа сәйкес 15-16 мамыр күндері 5-6 сыныптар арасында асық атудан, сонымен қатар 3-сыныптар арасында эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Сайысқа қатысқан оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, салауатты өмір салтын ұстануға деген талпыныстары көрініс тапты. Сайыс соңында қорытындыланып, жеңімпаз топ анықталды.

Сайыс барысында оқушылар өте белсенді қатысып, спортқа деген қызығушылықтарын көрсете білді.

🏆Нұржау жалпы орта мектебі бойынша 2023-2024 оқу жылындағы сапалы білім беру бағытындағы жүргізілген жұмыстардың топтамасын назарларыңызға ұсынамыз!

29 сәуір мен 5 мамыр аралығында «Жасөспірім және жауапкершілік» жедел іс-шарасы барысында Нұржау жалпы орта мектебінің 7-11 сынып ұл балалары арасында «Арсен» ұлдар ұйымының жиналысы өтті. Жиынға мектеп басшысы Гүлбаршын Жақимқызы, МДТЖЖО Светлана Аманғалиқызы, мектеп инспекторы Арайлым Жексенбаева, АӘД пәнінің мұғалімі А. Ғабитұлы, ұлдар ұйымының жетекшісі Н.Мұқарұлы және мектеп психологы мен сынып жетекшілер қатысты. Жиынның […]

Апталық қорытындысы География, биология, химия пәндер бірлестігінің «Жаратылыстану -ғажайыртар сыры» тақырыбында өткен апталықтың қорытынды кеші болды. Апталық соңында сайысқа белсене қатысқан оқушыларға жинаған білім купондарына қарай ақшалай сыйлық және білім купондарымен алмастырылды.

«Жаратылыстану – ғажайыптар сыры» апталығында «Табиғи апаттардың алдын алу» тақырыбында презентация байқауы өткізілді. Мақсаты: әр оқушының өмір қауіпсіздігіне дайындық қабілеттерін шыңдау, ұқыптылыққа, шеберлікке, достық көмек көрсетуге тәрбиелеу. Оқушылар табиғатта болатын табиғи апаттар су тасқыны, сел, жер сілкінісі т.б. апатты табиғи құбылыстар олардың алдын алу жолдары туралы айтты.

Нұржау жалпы орта мектебінде экодизайнерлер сайысы өтті. Мақсаты: Оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу, экологиялық сауаттылықты арттыруға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Оқушылар экологиялық мәселелерге байланысты өздерінің табиғи материалдардан жасалған жұмыстарын көрсетіп, идеяларымен бөлісті.

Қазақстан Республикасының Қарулы күштері – қазақстандық қоғамның ажырамас бөлігі, біздің мемлекеттілігіміздің негізі элементтерінің бірі, еліміздің мемлекеттік тұтастығының және егемендігінің кепілі. 2024 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің, басқа әскерлердің және әскери құралымдардың қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру басталды. Қоғамның Отан қорғаушы болуға ұмтылатын жоғары патриоттық азаматтарын тәрбиелеу – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі.

«Өнер – өмір жемісі» тақырыбындағы апталық жалғасуда. Көркем еңбек, музыка, жаһандану негіздері курсы пәндерінің апталығы аясында музыка пәнінің мұғалімі педагог-зерттеуші Ж.Шайхымеденова үзіліс уақытында «музыкалық ырғақты қимылдар» тақырыбында «көңілді үзіліс» айдарын өткізді. Мақсаты: оқушылардың бойына музыкалық естуді, есте сақтауды, зейінді және музыка ырғағына сәйкес қимылдар жасап, музыкалық ырғақтық қабілеттерін дамыту.