Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ. Тілдер апталығының жоспарына сәйкес, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Мелсбекқызы “Көп тіл білу-заман талабы” қарарымен 8-сынып оқушылары арасында дебат ойынын өткізді. Пікірталас барысында “Алаш” және “Бүркіт” фракциясының ойыншылары ұшқыр ой мен нақты көзқарастарын білдіріп үздік ойын көрсетті. Толығырақ

Толығырақ

Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ. 2024 жылдың 3 қыркүйек күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының 20 — тармағына сәйкес, адалдық пен академиялық мәселелеріне арналған «Адалдық сағаты»жобасы шеңберінде іс-шара жоспарына орай мектебімізде 10-11 сыныптар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мектеп психологы А.Нигметова «Сыбайлас жемқорлық […]

Толығырақ

Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ Алғашқы қоңырау соғылды Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы күндерін артқа тастап, Нұржау жалпы орта мектебінде алғашқы қоңырау салтанатты шарасы өтті. 1 сынып оқушылары үшін өткен ерекше шара “Мектебім -мейірім мекені” деп аталып, 1 сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау соғылып, бүлдіршіндер […]

Толығырақ

Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы күндерін артқа тастап, Нұржау жалпы орта мектебінде алғашқы қоңырау салтанатты шарасы өтті. 1 сынып оқушылары үшін өткен ерекше шара “Мектебім -мейірім мекені” деп аталып, 1 сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау соғылып, бүлдіршіндер мектеп табалдырығын аттады. Шарада мектеп директоры Гүлбаршын Жақимқызы құттықтау тілегін білдіріп, оқушыларға салтанатты түрде “Әліппе” оқулығы табысталды. […]

Толығырақ

«Киіз үй» этно лагерінің 5-ші күні Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын– сауықтардың бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан. Ұлттық ойынның көптеген түрі бізге мәлім. Соның бір көрінісі киіз үй ішінде ойналатын тоғызқұмалақ, бес тас, асық ату ойыны. Ерекше қырағылық пен ойлауды қажет ететін бұл ойындар лагерь қатысушыларына ерекше […]

Толығырақ

«Киіз үй» этно лагерінің 4-ші күні Он саусағы майысқан қыздарымыз лагердің 4-ші күні жүн түтіп, сүзбеден құрт жасауды үйренді. Қазақ тұрмысында мал шаруашылығының маңызы зор. Ішсе сусын, жесе тамақ, кисе киім болған төрт-түлікті қасиет тұтқан бабаларымыздан қалған құндылықтардың бірі осы құрт пен малдың жүні. Аштық заманда ауқат болған құртты әлі күнге дейін әр қазақтың баласы […]

Толығырақ

Мектептің жұмыс жоспарына сай бейіндік лагердің футбол мен волейбол үйірмелері Шапихов Нурдаулет пен Құсайынов Бауыржанның жетекшілігімен уақытылы өткізілуде. Мақсаты: оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану және футбол мен волейболға деген қызығушылықтарын арттыру. Үйірмедегі оқушылардың барлығы толықтай қатыстырылуда. Толығырақ #Атырау_жаз_2024 #kurm_біртұтас #atyrau_тәрбие #біртұтас_тәрбие

Толығырақ

Нұржау жалпы орта мектебінің жанынан ашылған “Сөз сыры” бейіндік лагері жұмысын жалғастыруда. Лагердің мақсаты: бос уақытын тиімді пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қорларын толықтыру, әдеби тіл, оның даму тарихынан мәлімет бере отырып, функционалдық сауаттылық дағдыларын дамыту. Толығырақ Пән мұғалімі: Г.Талапбекқызы #Атырау_жаз_2024 #kurm_біртұтас #atyrau_тәрбие #біртұтас_тәрбие

Толығырақ

“Өлкетану” бейіндік лагерь мүшелері жоспарға сәйкес жергілікті жердің табиғатына деген ұқыптылықты, туған өлкеге деген ізденушілік-зерттеушілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында ауылымыздағы Шарон өзенінің жағалауына, жылыжайға саяхаттап қайтты. Оқушыларымыз ауыл табиғатын тамашалап, өзен жағасында түрлі ойындар ойнап, көңілді тарасты.  Толығырақ #Атырау_жаз_2024 #kurm_біртұтас #atyrau_тәрбие #біртұтас_тәрбие

Толығырақ

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Нұржау жалпы орта мектебінң жанынан ашылған «Мәнерлеп оқу» бейіндік лагері өз жұмысын жалғастыруда. Бейіндік лагердің мақсаты бос уақытын тиімді пайдалану, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру. Лагерь қатысушылары әр сәтін тиімді пайдалануда. Ақындардың  өлеңдерімен сусындап, мәнерлеп, нақышына келтіріп оқудың қыр-сырын үйренуде. Үйірме жетекшісі Г.Мұхтарқызы үйірме жоспарына сәйкес оқушыларға ар қызығушылықпен […]

Толығырақ