Жаңалықтар

Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ Жол қозғалысының заңға бағынатын қатысушыларын тәрбиелеу, балалардың жол-көлік жарақаттарынан алдын алу, оқушылардың салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыру мақсатында оқушылардан жолда жүру ережесіне байланысты сауалнама алынды. Сауалнама барысында оқушылардың жолда жүру ережесін жақсы меңгергені анықталды.

Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ 2024-2025 оқу жылының 17 қыркүйек күні “Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы сайлауы өтті. Сайлауға 3 үміткер қатысты: 9 ”А” сынып оқушысы Утеміс Мирас 9 ”А” сынып оқушысы Талапбек Жайдарлы 8 ”А”сынып оқушысы Салауат Сымбат Сайлау нәтижесінде 73% дауысқа […]

Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ Нұржау жалпы орта мектебінде бала психологиясын дамытып, жағымды ахуал тудыруға бағытталған шаралар жалғасын табуда. Үзілісті тиімді пайдалану, оқушылардың қозғалыс қимылдарын дамыту мақсатында “Кел билейік,балақай” айдары өткізілді. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне байланысты қойылған әуенге көңілді би билеп, оқушылар сергіп қалды.

Мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 1. “Оқу-тәрбие процесінде балалардың денсаулығын нығайту және сақтау-басты мәселе” хабарламашы мектеп медбикесі Гүлден Саламатқызы 2. ”Біртұтас тәрбие бағдарламасы” тәрбиенің үздіксіздігі, тәрбие парадигмасы. МДТЖО С.Габбасова 3. Мектептің ішкі тәртіп ережелерін қамтамасыз ету қағидалары. Мектеп директоры Г.Кенжегалиева 4. Буллинг профилактикасы: балаға психологиялық проблемаларды жеңуге қалай көмектесуге болады. […]

Мектебімізде бастауыш сынып оқушыларына “Абайлаңыз,балақай!” тақырыбында оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру мақсатында үгіт-насихат жұмысы жүргізілді. Жас жол сақшылары бастауыш сынып оқушыларын жол қауіпсіздік ережелерімен, жаяу жүргіншілер ережесімен таныстырды. #atyrau_tàrbie #birtutas_tàrbie #біртұтас_тәрбие #kurm_тәрбие #Kurmtarbie2024 #біртұтас_тәрбие_атырау

Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ “Тілім менің ғасырларға аманат” апталығының кезекті шарасы. Түркі ғалымы Махмұд Қашқаридің туғанына 995 жыл толуына орай “ М. Қашқари еңбектері” тақырыбында танымдық сабағы өткізілді. Мақсаты: Қарахан әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ірі филолог ғалым М.Қашқари еңбектерінің негізгі идеясын, мазмұнын түсіндіру. Шара барысында […]

Нұржау жалпы орта мектебінде Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 8-11 сынып оқушыларына сыбайлас жемқорлықты алдын алу бағытында бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар тақырып бойынша ой бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды.

Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ. Мектебімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» мәдени ағартушылық жобасы аясында 5—қыркүйек күні 7-11 сынып оқушылары арасында жалпы қазақстандық ашық диктант өткізілді. Диктанттың мақсаты: Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайту.

Нұржау жалпы орта мектебінде қыркүйек айының 5 жұлдызында 6-11 сыныптар аралығында «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемділігі» атты тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.

Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ Мектебімізде тілдер апталығына орай ағылшын тілі пәнінің мұғалімі педагог-модератор А.Тажибаева “Aqyl Batyl” интелектуалды ойын өткізді. Мақсаты: Елтану бойынша білімдерін саралау, ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Сайыс 5 кезеңнен тұрды: 1. The ABC game 2. A magic 5 3. Parts and […]