Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Нұржау жалпы орта мектебінде 2024 жылдың 24-ші мамыр күні сағат 09:00-де “Білімім-Отаныма” тақырыбында жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
🔰Тәрбие сағатының мақсаты балаларды, ұстаздарды құрметтеуге , білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімді қорытындылай білуге тәрбиелеу.
🔰Тәрбие шарасына мектебіміздің ардагер ұстаздары, ата-аналар қатысты. Ардагер ұстаз Жібек Қисымова 10 “А” сыныбы, З.Кенжеғалиева 7 “Ә” сыныбына, Б.Қамахаева 9 “Ә” сыныбына,А.Қабиева 8 “Ә” сыныбына, А.Иманғалиева 8 “А” сыныбына, А.Хамзина
7”А” сыныбына қатысып, оқушылармен біріккен керемет сабақтар көрініс тапты.
Іс -шарада Оқу ағарту министрінің Ғ.Бейсембаевтың құттықтау сөзі мультимедия арқылы көрсетілді. Сонымен қатар оқушылардың жаз мезгіліндегі демалысын қауіпсіз және қызықты өткізуге арналған гайдбуктар таратылды.