Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

1-4 сынып ата-аналарына арналған №4 сабақ.

«Баланың тапқырлығы мен эрудициясын қалай дамытуға болады?»  Сабақтың мақсаты: Ата-аналардың үйде балалардың тапқырлығы мен эрудициясын дамытуға бағытталған интеллектуалдық ойындар мен жаттығуларды қолдану дағдыларын дамыту.

Міндеті: Баланың жеке тұлғасын қалыптастырудағы ойынның маңыздылығы, оның зияткерлік қабілеттерін дамытуға әсері туралы идеяларды қалыптастыру;

Ата-аналардың балалар ойындары туралы дамытушылық іс-әрекет пен дамытушылық ойындардың түрлері оларды қолдану әдістері туралы білімдерін кеңейту;

Балалардың зияткерлік қабілетін дамыту үшін ойындар мен жаттығуларды өз бетінше таңдау және қолдану қабілетін қалыптастыру;

Ұлттық құндылық:

Ынтымақтастық ата-ананың борышы, сыйластық эмоционалдық интеллект, әлеуметтік интеллект.

Жауапкершілік, шығармашылық, ықыластылық, ашықтық, ынтымақтастыққа дайын болу.

Жоспар:

  • Ойын балаларды дамыту құралы ретінде
  • Интеллектуальды ойындар және олардың балалардың тапқырлығы мен эрудициясын дамытуға әсері
  • Балалар мен ата-аналарға арналған ұлттық және отбасылық зияткерлік зияткерлік ойындар
  • Отбасы мен мектептің баланың эрудицияын дамытуға өзара әрекеті.