Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Нұржау жалпы орта мектебінде «Қауіпсіз терезелер» республикалық ақпараттық науқанның тұжырымдамасы негізіндегі іс-шара жоспарына сәйкес «Балалардың терезеден құлауының алдын алу» бойынша ата-аналарға арналған жадынаманы ұсынамыз!

Терезенің әр жағындағы әлем баланы тартады. Көпшілік терезенің москит торы балаға қауіпсіздік береді деп ойлайды.

БҰЛ ОЛАЙ ЕМЕС!

Есте сақтаңыздар: мостик торы ең кішкентай баланың да салмағына шыдамайды.

Арнайы құралдар қолданыңыздар: шектеуіштер, сақтауыш құлыптары, шынжырлар, темір торлар.

Балалардың өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар терезелерден құлау бойынша қайғылы жағдайларды азайту мақсатында  ТЖБ қызметкерлері келесі кеңестерді ұсынады:

Балаларды жалғыз қалдырмауға, себебі көп жағдайда терезеден құлау жағдайлары балалардың ата-анасыз жалғыз қалуы кезінде болады;

Терезеге жиһаздарды жақын қоймау керек. Себебі балалар оларға мініп терезеге шығып кетуі мүмкін.

Терезелерге арнайы бекітпелер қою керек, олар балаларға терезе ашуға мүмкіндік бермейді.