Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ
Бүгінгі таңда бүкіл әлемді елеңдетіп отырған мәселелердің бірі – буллинг және кибербуллинг. Кибербуллинг дегеніміз не? Кибербуллинг дегеніміз — жасөспірімдер арасындағы зорлық- зомбылықтың бір түрі қарым-қатынас жасау үшін киберкеңістікті пайдалану. Кибербуллинг – бұл әлеуметтік желілер, онлайн ойындар және жедел хабарламалар қосымшалары арқылы онлайн қорлау. Ал буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды, әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін.
Буллинг және кибербуллингпен күресу – заман талабы. Бала – біздің болашағымыз! Ұлт тәрбиесі — ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесінде. Кейін опық жеп, бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн.