АЗАМАТ ОБЛЫСТЫҚ САЙЫСТЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ! 

Атырау облыстық білім беру басқармасының балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының арасында “Мергендер сайысы -2024” пневматикалық тапаншадан ату облыстық сайысы өтті. Аталған сайыста Құрманғазы ауданының құрамында Нұржау жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушылары Нұрхат Азамат пен Талғат Айару сынға түсті. Сайыста Нұржаулық Нұрхат Азамат үздік өнер көрсетіп 1-орын иеленіп, Құрманғазы ауданының командасы жалпы есепте 2-орын иеленді.
Сонымен қатар, Республикалық Кеңес әскері ардагерлерінің қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының арнайы “МЕРГЕН» номинациясын Нұрхат Азамат иеленді.
Көптен күткен үлкен жеңіс тынымсыз еңбек пен талаптың нәтижесі. Осы орайда Азамат пен Айарудың ұстазы, Нұржау жалпы орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Хамитов Асылжан Ғабитұлының еңбегі орасан. Топ арасынан дараланып шығар үздікті тану, оны баптап топқа қосу ұстаздың қырағылығы . Ұстаз бойындағы құндылықты сіңіре білу, үйреткен дүниені іс жүзінде қолдана білу — шәкірттің дарындылығы.
Олай болса, біз де өз тарапымыздан ұстаз бен шәкірттің кезекті керемет жеңісімен құттықтаймыз! Алар асу, бағындырар белестер көп болсын!