Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарының арасында «Ұйқы және психикалық денсаулық” тақырыбында дәріс сабағы өтті.
Мақсаты: Жасөспірімнің психикалық денсаулық сақтау факторы ретінде ата-аналардың ұйқыға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.
📍«Қара, көр, жаса» әдісі арқылы амандасу өткізілді.
📍«Адасқан қолғаптар» әдісі арқылы сабақтың тақырыбы таныстырылды.
📍”Ой-ашар” психикалық денсаулық дегенді қалай түсінесіз?
📍Топтық жұмыс.
1. Ұйқы кезінде болатын үдерісті атаңыз
2. Ұйқыны бұзатын факторлар
📍Видеоролик “Ұйқының ағзаға әсері”📍«SWOT» -талдау арқылы күнделікті өмірде (ұйқы процесінде) жіберетін күшті жақтары, әлсіз жақтары талқыланды.
📍 Шығармашылық жұмыс
“Салауатты ұйқы жобасы” әр топ құрып, өз ойларын жеткізді.
Сабақ әсерлі өтіп, ата-аналар кері байланыс берді.
Сабақты өткізуші: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог — модератор Әсел Тәжібаева.