Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ
♟️ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектеп оқушылары арасында аудандық шахмат турнирі өтті. “Жайдарлым” спорт және өнер мектебінің қатысушылары арасында өткізілген бұл турнирді Нұржау жалпы орта мектебі ұйымдастырып, сайысқа Нұржау, Абай және Гагарин мектептерінің жас шахматшылары қатысты. Жас та болса шахмат ойынына қызығушылығы басым, жеңіске деген жігері мол шәкірттер тартысты ойын үлгісін көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша⤵️
2️⃣-сынып ұлдары арасында
Нұрлан Рамазан (Абай) 1-орын
Әміржан Мадияр (Гагарин) 2-орын
Жеңісбекұлы Нұрәлім (Нұржау) 3-орын
3️⃣4️⃣ сынып ұлдары арасында
Аманұлы Әлішер (Гагарин) 1-орын
Тоқтар Ахмедияр (Абай) 2-орын
Ерқанатұлы Әли (Гагарин) 3-орын
3️⃣4️⃣ сынып қыздары арасында
Дарханқызы Әмина (Гагарин) 1-орын
Ержанқызы Інжу (Гагарин) 2-орын
Уахит Айзере (Абай) 3-орын
5️⃣6️⃣ сынып ұлдары арасында
Асқар Нұрғиса (Нұржау) 1-орын
Темірхан Шыңғыс (Нұржау) 2-орын
Сағындық Сәттібек (Абай) 3-орын
5️⃣6️⃣ сынып қыздары арасында
Темірәлі Ақнұр (Гагарин) 1-орын
Талғатқызы Әйгерім (Нұржау) 2-орын
Ерланқызы Әмина (Гагарин) 3-орын
7️⃣8️⃣сынып ұлдары арасында
Нахим Бекарыс (Абай) 1-орын
Шынтас Шыңғыс (Абай) 2-орын
Темірболат Аңсабек (Гагарин) 3-орын
7️⃣8️⃣сынып қыздары арасында
Ғаділбек Балауса (Абай) 1-орын
Уахит Гүлжайнар (Абай) 2-орын
Асхатқызы Аяулым (Нұржау) 3-орын
9️⃣1️⃣1️⃣ сынып ұлдары арасында
Қуанышбекұлы Арсен (Нұржау)1-орын
Асқар Нұрғизат (Нұржау) 2-орын
Аманжанұлы Оралжан (Нұржау) 3-орын
9️⃣1️⃣1️⃣ сынып қыздары арасында
Махади Вероника (Нұржау) 1-орын
Жандолқызы Аяжан (Нұржау) 2-орын
🏅“ҮЗДІК ОЙЫНШЫ” номинациясын сайыс барысында ерекше қабілетімен көзге түскен Нахим Бекарыс (Абай), Аманқызы Айзере (Гагарин) иеленді.
🏆Жалпы командалық есеп бойынша төмендегідей нәтиже болды ⤵️
НҰРЖАУ 🥇
АБАЙ🥈
ГАГАРИН🥉
Жақсы істің басында жақсы жүрер дегендей, қашан да шәкірт бойындағы талабын ұштап, арманға қарай қанат беріп жүретін Нұржау жалпы орта мектебінің басшысы, шахмат ойынының шебері Гүлбаршын Жақимқызы қатысушыларға жылы лебізін арнап, ойын барысында көзайым болған екі бүлдіршінге өз атынан арнайы сыйлығын табыс етті.