Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының 5-9 сынып ата-аналарына арналған кезекті сабақтың тақырыбы “Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі” деп аталды. Сабақты 5 “ә” сыныбының жетекшісі Раббина Нұрбекқызы өткізді. Кезекті сабақтың мақсаты ⬇️
— Салауатты өмір салтын қалпытастыру мақсатында балалардың дұрыс тамақтануын жүзеге асыру;
— ⁠Тамақ құрамындағы калорияны есептей отыра, ағзаға зиянды, энергетикалық құндылығы жоғары тамақтардың қолданылу уақыты мен тәртібі туралы ақпарат беру.
Сабақ барысында ⬇️
♻️”Жағымсыз эмоциядан арылыңыз!”
♻️ “Жаңа ақпарат”
♻️ “Дәмін тат та, тауып көр!”
♻️ “Мен кіммін?”
♻️ “Салауатты отбасының сауатты ас мәзірі”
♻️ Бала денсаулығына қалай әсер ете аламыз?
бөлімдері бойынша тренинг, ойын, сұхбат түріндегі шаралар өтті.
Мектеп басшысы Гүлбаршын Жақимқызы ата-аналарға жылы лебізін арнап, ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, рефлексия жасады.