2023 жылдың 4 мамыр күні Нұржау жалпы орта мектебінде елдегі жастар мен жасөспірімдер арасындағы орын алған құқық бұзушылықтар (әлеуметтік желіде таратылған жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік пен зорлық зомбылықтар) фактісі бойынша аудандық білім бөлімі басшысы Гульфара Утемисованың қатысуымен ата-аналар мен 8-11 сынып оқушылары үшін жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында аудандық білім бөімінің басшысы Г.Утемисовна ата-аналар мен оқушыларға бүгінгі күні жасөспірімдер арасында белең алған әлімжеттік пен басты проблемаға айналып отырған оқушылар арасындағы тәртіпсіздіктер туралы бейнебаянды көрсете отырып, оның туындау салдары мен себептеріне нақты тоқталды. Бала тәрбиесі – жауапты іс болса, келешегіміздің қожасы баланы отбасында дұрыс тәрбиелеу, оның болашақта білімді, тәрбиелі азамат болып шығуына үлкен ықпалын тигізетін факторларға тоқталып, бала бақытының кепілі ата-ананың өнегелі тәрбиесінде, дұрыс тәрбие алған бала әрдайым ата-анасын қуантып отыратындығын айта отырып, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруді қоғам болып, ұстаз болып, ата-ана болып қолға алсақ, болашағымыз жарқын болатындығын айтып, ата-аналармен пікірлесті.
Құрманғазы АПБ-і ЖПҚБ-нің ЮПТ-ң аға УПИ полиция капитаны, мектеп инспекторы А.Жексенбайқызы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде баянлама жасады.
Мектеп директоры Г.Жақимқызы, Нұржау ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Алхам Абатұлы сөз алып, ата-аналар пікірлерімен қорытындыланды.
Жиналысқа 8-11 сынып оқушылары, олардың ата-аналары, сынып жетекшілері, тәрбие орынбасарлары, психологтар, қоғамдық ұйымдар жетекшілері қатысты.