Нұржау жалпы орта мектебінің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 22-30 аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің «Ана тілі – жүрек үні» апталығы өз мәресіне жетті.
*апталықта жоспарланған жұмыстар толықтай жүргізіліп, оқушыларымыз белсене қатынасты.
*апталықта өткізілген ашық сабақтарға, пәндік сайыстарға жоғары дәрежеде қатысқан оқушыларымызға Дипломдар мен Алғыс хаттар табысталды.
*Ана тілімізді құрметтеу, ұлылығын дәріптеу, жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялатқан апталық «Ана тілім» әнімен қорытындыланды.
*Жас жеткіншектерімізге «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекпіз!