Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ
🎊🔔Алғашқы қоңырау соғылды🔔🎊
Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы күндерін артқа тастап, Нұржау жалпы орта мектебінде алғашқы қоңырау салтанатты шарасы өтті. 1 сынып оқушылары үшін өткен ерекше шара “Мектебім -мейірім мекені” деп аталып, 1 сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау соғылып, бүлдіршіндер мектеп табалдырығын аттады. Шарада мектеп директоры Гүлбаршын Жақимқызы құттықтау тілегін білдіріп, оқушыларға салтанатты түрде “Әліппе” оқулығы табысталды.
Салтанатты шараға аудандық білім бөлімінің әдіскері Б.Нағимқызы, округ әкімінің міндетін атқарушы А. Абатұлы, ардагер ұстаздар, құрметті қонақтар қатысты.
Мектеп түлектері жас бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, жырларын арнады. Сәні мен салтанаты келіскен жас бүлдіршіндер алғашқы ұстаздарымен бірге оң қадаммен сыныпқа жол тартты.
Біз де жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, жетістігі мен табысы мол жыл болсын деп тілейміз! Толығырақ