Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Әже – отбасының  ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын-абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.

Осындай қазыналы аналардың  бүгінгі сарқыты болған әжелер сайысы жоғары деңгейде өтті.

«Таныстыру», «Сұрақ–жауап», «Қолөнер», «Бата беру» кезеңдері бойынша  сынға түскен әжелер ешбір сыннан да мүдірмей, өмірден түйген тағылымы мол тәжірибелі жандар екенін тағы да бір дәлелді.

Сайысқа қатысқан әжелеріміз

Хамзина Айдын әже

Төкешова Аққаным әже

Олжабаева Баян әже

Хасанова Клара әже

Қуанышкереева Маншук әжелеріміз немерелерінің қолдауымен төрт кезеңде де сүрінбей, бойдағы бар өнерлерін ортаға салды. Ұлыстың ұлы мейрамы Наурыз тойы қарсаңында ұйымдастырылған әжелер сайысына белсенділікпен қатысқан әжелерге, оларды қолдаған немерелеріне алғыс білдіреміз! Ақ кимешек киген ақ әжелеріміз аман болсын!