Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ
Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында Нұржау жалпы орта мектебінде «Ұстаздық жол – ізгілік пен адалдық» атты мерекелік кеш өтті.
Мерекелік шараға Нұржау ауылдық округінің әкімі Мұрабек Рифхатұлы, Құрманғазы аудандық маслихат депутаты Айбек Фатихоллаұлы, «Гаухар» бала бақшасының меңгерушісі Гүлбаршын Мұғалқызы , ардагер ұстаздар және мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Мерекелік шараның арнайы қонақтары Жібек Қисымқызы, Алтынай Қабиева, Аққаным Төкешқызы,Бауыржан Бақтығұлов, Бақыт Қамақаева, Аманғали Мардашев,Зоя Кенжеғалиева, Зәуре Құлжанова сынды ардагер ұстаздарымызға құрмет көрсетілді.
Мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылған шараны округ әкімі Мұрабек Рифхатұлы ашып, білім саласында табанды еңбек еткен ұстаздарды аудандық мәслихат төрағасының Алғыс хатымен, мектеп директоры Гүлбаршын Жақимқызын аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Ардагер ұстаздар атынан ақжарма тілегін білдірген Жібек Қисымқызы ізбасар ұстаздар қауымын айтулы мейраммен құттықтап, бүгінгі таңдағы жетістіктеріне ризашылығын білдірді. Арнайы шақырылған қонақтар құттықтаулар легін жалғап, сый-сыяпаттарын табыс етті.
Мектеп басшысы Гүлбаршын Жақимқызы және кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлханат Талапбекқызы әріптестеріне мерекелік құттықтау жолдап, аудандық кәсіподақ ұйымының Алғыс хатымен марапаттады.
Ұстаздар қауымына мерекелік көңіл-күй сыйлаған шәкірттердің концерттік бағдарламасы жас мамандардың өнер тартуымен жалғасты.