8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Нұржау жалпы орта мектебінің ер азаматтарының ұйымдастыруымен «Сұлу қыз, ару әйел, асыл ана» тақырыбымен мерекелік шара өтті.
Нұрдаулет Мұқарұлы мен Азамат Мерекеұлы тізгіндеген шараның шымылдығы «Ақберен» әдеби клубының жігіттері дайындаған әдеби-композициялық туындымен басталды.
Мектеп басшысы Гүлбаршын Жақимқызы ұжымдағы әйелдер қауымын мейраммен құттықтап, бір топ қызметкерлерді марапаттады.
Ұжымның ер-азаматтары атынан Талғат Жұмалиев, Жандарбек Ажығалиев, Асылжан Хамитов құттықтау тілектерін жолдап, кәсіподақ ұйымының төрайымы Вера Айбарқызы ұжымдастарға кәсіподақ ұйымының атынан сыйлықтарын табыстады.
Мерекелік кеш көңілді ойын, әсем әуенмен құшақ биімен жалғасты. Ер азаматтар дайындаған гүл шоқтарын табыстап, мерекелік дәмдерін ұсынды.