Бітіруші түлектер үшін салтанатты іс-шара 25 мамыр күні «Мектебім, саған мыңалғыс!»
Сондай-ақ биылғы оқу жылында бірінші рет «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 5-8, 10 сынып оқушылары емтихан тапсырады. Емтихандар 27 мамырда басталады.
Қорытынды біту емтихандары 9 – сыныптар үшін 29 мамыр – 10 маусым аралығында, 11 сынып бітірушілері үшін мемлекеттік бітіру емтихандары 28- мамыр – 11 маусым аралығында өтеді.
ЕСКЕРТЕДІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында мектеп қажеттіліктерін өтеу үшін бітіруші 4,9,11 сыныптардан ақша жинауға қатаң түрде тыйым салынады.
3 маусым күні «Жасұлан» тынығу лагері ашылады.
Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
Педагогикалық әдеп және сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын-алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтарға кез келген түрдегі сыйлықтарды қабылдауға қатаң түрде тыйым салынады.
Оқушылардың өзен, көл жағасына баруына тыйым салынады..
Қорытынды аттестаттау кезінде әртүрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыруға қатаң түрде тыйым салынады.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА!
Жоғарыда айтылған талаптарды негізге ала отырып, оқушылардың қауіпсіздігіне орай өмірлеріне бейжай қарамауыңызды сұраймыз. Ал сіздердің ұл-қыздарыңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру біз үшін абыройлы – міндет!