2024 жылдың қараша айының 18-і күні Нұржау жалпы орта мектебінің 8-11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері, мектеп психологтары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларын қатыстыра отырып, Құрманғазы АПБ-і КПБ-ң аға жедел уәкілі полиция аға лейтенанты А.Алиевтің қатысуымен кәмелетке толмағандар арасында нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес сонымен қатар, интернет алаяқтық, жасөспірімдер арасында бопсалаушылықтың алдын-алу мақсатында жиналыс өткізілді.
Жиналыста синтетикалық есірткі немесе психотропты заттар жастар арасында көп қолданылатындығына байланысты оның зардабы түсіндірілді. Нашақорлыққа, темекіге және құмар ойындарға тәуелділіктің зардабы кеңінен түсіндіріліп, елімізде синтетикалық ескірткіні өндіру, сақтау және таратуға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығы жөнінде ақпарат берілді.
Сонымен қатар, нашақорлықтан келетін қауіп-қатерлер, адам ағзасы мен психикасына келтіретін зияны, зиянды әдеттерге еліктеудің соңы жақсылыққа апармайтындығы айтылып, есірткінің жарнамасын көрген жағдайда немесе есірткіні жасырын тығушыны байқаған жағдайда дереу полиция қызметкерлеріне хабарласу керектігі жөнінде айтылды.
Оқушылар мен ұстаздар арасында кең таралып жатқан алаяқтықтың өте қауіптісі – ол интернет арқылы жасалатын алаяқтық жөнінде түсіндірме жүргізілді. Жиі кездесіп жүрген интернет алаяқтықтың түрлері: интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету сондай-ақ, өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар болып отыр. Интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтайлы пайдаланып жүрген алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп, жаңарып отыратындығы жөнінде ақпараттар берілді.
Жасөспірімдер арасында бопсалаушылық, әлімжеттік, буллинг, кибербуллинг жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бейнероликтер көрсетілді.
Түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үй-жайдан тыс жерлерде болмауы, алкоголь өнімдерін ішпеу, темекі бұйымдарын оның ішінде кыздырылатын темекісі бар бұйымдарды қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған
сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салу, шанышпалы-кесетін заттарды өздерімен алып жүрмеу;
Мүлдем автокөлік, мотокөлік, мопед тізгіндеуге болмайтындығы, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.