Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Нұржау жалпы орта мектебі қойнауы қазынаға толы білім ордасы. Есімі елге танымал тұлғалар мен әдебиет майталмандары түлеп ұшқан мектебімізге бұндай теңеу жарасымды. Осындай түлектердің бір қатары биылғы жылы 20 жылдық кездесуге келді. Түлектер қатарында Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, ақын, журналист Серікбол Хасан да бар. «Барлығына қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын іске асыру бойынша жасақталған жол картасына сәйкес, «1000 кітап» акциясы аясында ақын Серікбол Хасан өзінің сиясы кеппеген кітаптарын мектеп қорына сыйға тартты.

20 жылдық мектеп бітіруші түлектер кеші үш топқа бөлінген әр түрлі бағыттағы шаралармен басталды. Мақсаты мен маңыздылығы айқын шаралардың бірі мектеп кітапханашысы ұйымдастырған  «Мен оқыған бір кітап» шарасы. Бұл шараның ерекшілігі, 20 жыл бұрынғы түлектер мен балалары Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасын талдап, сол бойынша сұрақтарға жауап беріп, топтық тапсырмалармен сынға түсті. Сайыс түрінде өткізілген шарада түлектердің алғашқы ұстазы ардагер ұстаз Алтынай апай төрелік етті.