Мақсаты: Шахмат сабақтары арқылы интеллектуальды және ақыл-ой қабілеттерін дамытуға ықпал ету. Міндеті: ой өрісті кеңейту, ақыл-ой белсенділігін белсендіру, логикалық ойлдауды, есте сақтауды, байқау мен зейінді дамыту. Баланың бойында табандылық, төзімділік, ерік-жігер, тыныштық, өз қабілетіне деген сенімділік пен табандылықты дамыту.
Шахмат – зейінді, интеллект пен логикалық ойлауды дамытатын балалар мен ересектерге арналған танымал спорт түрі. Аталмыш ойын оқушылардың зейін, сыни тұрғысынан және логикалық ойлау, шешім қабылдау, стратегиялық жоспарлау, шығармашылық талдау, қабылдау және бағалау сияқты ақыл-ой қабілеттерін дамытады.
Республикада алғаш рет өткізіліп отырған және республиканың мәдени өміріндегі бірегей оқиға болып табылатын шахмат ойнау челленджіне мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты.