Қазақстан Республикасының Қарулы күштері – қазақстандық қоғамның ажырамас бөлігі, біздің мемлекеттілігіміздің негізі элементтерінің бірі, еліміздің мемлекеттік тұтастығының және егемендігінің кепілі.
2024 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің, басқа әскерлердің және әскери құралымдардың қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру басталды.
Қоғамның Отан қорғаушы болуға ұмтылатын жоғары патриоттық азаматтарын тәрбиелеу – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі.