Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Нұржау жалпы орта мектебінің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес жүріп жатқан апталық аясында мектеп командасы алынған жоба тақырыбына сәйкес ‘Математикалық кеш’ ұйымдастырды.
Мақсаты:
♨️ Математика пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту;
♨️ Пәнге байланысты логикалық есептерді бәсекеге түсе отырып шығару, ашық сұрақтарға жауап беру;
♨️ Бірлескен жұмыстарға қатыстыра отырып, белсенділіктерін көтеру, тәжірибе алмасу;
⏰️ Математикалық кешке 2 топ қатысты:
1 топ- бастауыш сынып мұғалімдері
2 топ- 5-11 сыныптарға сабақ беретін математика пәнінің мұғалімдері.
⛳️ Кеш төмендегідей жоспарға сәйкес өтті:
🌞 ‘Математика- нақты ғылым’ (ой талқы)
🌞 ‘Қызықты формула’ (топтық сайыс)
🌞 ‘Тарсия’ (өткізілген Lesson study сабақтарын қорытындылау, пирамида құрылды);
🌞 ‘Лото’ (ашық сұрақтар)
🌞 ‘Крестики, нолики’ (сергіту сәті)
🌞 Логикалық есептер (топтық жұмыс)
Мұғалімдер барлық жұмыстарға белсене қатысып, топтық жұмыстарда берілген есептерді түрлі тәсілдермен шығара отырып, тәжірибе алмасты. Әр топ өзінің көзқарасын, гипотезасын ұсынды. Кеш соңында екі топтың ортасындағы бәсеке достық көпіріне жалғасып, ‘Математика пән мұғалімдерінің гимнімен’ жоғары деңгейде, жақсы көңіл-күйде аяқталды! Әрбір жұмыстың қорытындысы болады демекші, кеш соңында екі топқа кері байланыс берілді, ‘өте белсенді’ болған жоғары сынып математиктеріне қазақтың ‘Бешбармағы’, ал ‘белсенді’ қатысқан бастауыш сынып мұғалімдеріне ‘Пицца’ таратылды.
Математика тарихта, өнерде, физикада, химияда және тілдерде де қажет, сондықтан әрбір шәкірттеріңіз математикалық сауатты, терең білімді, танымдық іс-әрекеті жүйелі болуына тілекшіміз!!!