Нұржау жалпы орта мектебінің ұстаздар қауымы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.
Президент агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасау керек екендігін, қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырғанымызды айтты. Сондай-ақ білім беру бағдарламаларын ауыл шаруашылығы талаптарына бейімдейміз деп отыр. Егін шаруашылығына, су шарашылығына түбегейлі реформа жасау қажеттігін алға тартты.
Президентіміз Үкіметке бірқатар маңызды мәселелер беріп, мемлекет алдында тұрған экономикалық және әлеуметтік мәселелерді тез арада шешуге ерекше назар аударды. Халықтың өмір сүру деңгейіне тікелей әсер еткен осы проблемалық мәселелерді шешудің арқасында қоғамымыздың әлеуметтік жағдайы бұрынғыдан да жақсара түсетініне сеніміміз мол.