Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Үш тұғырлы тілді меңгеру – заман талабы. Оны оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдегі ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік.

Әр адам рухани – адамгершілігін арттыруы үшін бүгінгі тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, еңбек етуі үшін жан-жақты болуы қажет.

Осы мақсатта, «Тіл – татулық тірегі» апталығының жоспарына сәйкес, 8-11 сынып оқушылары арасында «Тілім барда айтылар сыр ойдағы» тақырыбында үш тілде эссе жазу байқауы өтті.

«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген дана халықтың ұрпақтары қай тілде болсын көсіле шауып, ойларын еркін жеткізе жазды. Байқау қорытындысы апталықтың соңында жарияланатын болды.