Баршамыздың асыға күтетін Ұлыстың ұлы мейрамын Нұржау жалпы орта мектебі ерекше атап өтті.
Алғашқы бөлімде қазақтың ұлттық ойындарынан сайыс өткізіліп, екінші бөлім мерекелік шарамен келіндер сайысына жалғасты. Мектеп басшысы Гүлбаршын Жахимқызы ұжымдастарды құттықтап, ұстаздарымыз керемет өнерлерімен таңдай қақтырды. Бұл кеште әжелер шашу шашып, ақ көжеміз таратылып, иісі бұрқыраған бауырсақтан да дәм таттық.
Өз кезегінде келіндеріміз сынға түсіп, өнерлерімен қабілеттерін ортаға салды. Сайыс қорытындысы бойынша
Наурызгүл Қанатқызы — Бас жүлде
Айгүл Темірболатқызы 1 – орын
Асылжан Сайлауқызы 2 – орын
Аэлита Алмембетқызы 3 – орын иеленді.
Қазақ елін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт-береке әкелсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!